Түркістан
EN

60 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр

111
17.10.2023

Түркістан облысында 1 қазандағы мәліметке сәйкес 60464 тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл 866,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін өңір бойынша 3140 шаңырақ баспаналы болады. Сондай-ақ, 717 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамту жоспарлануда. Бұл туралы баспасөз брифингінде Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді.