Түркістандағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерлан Исабеков тұрғындардың өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Тұрғындармен пікір алмасып, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған түркістандық тұрғын келіншегінің жұмыс мәселесі бойынша өтініш айтты. Ол жан-жақты сараланып, назарға алынды. Мемлекеттік балабақшадан бос жұмыс орындары ашылса, орналастырылатын болып келісілді. Тағы бір азаматта жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. 4 баланы жалғыз өзі асырап отырған ана өз мамандығы бойынша қызметке орналасқысы келетінін, мәселесі шешілмей жүргенін айтты. Ол тұрғынға Білім басқармасы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетін болды.