Газа секторында Қазақстанның 67 азаматы жүр. Олардың отбасы мүшелерін қосқанда, Газа секторында 100-ден аса қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Қазір Газа Секторындағы жағдай өте күрделі. Еліміздің Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктері қауіпті аймақтағы азаматтармен байланыста. Оларды Мысыр еліне өткізу үшін келіссөздер жүргізілуде.