Түркістан
EN

Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

71
17.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары барысында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Оның барысында 4 маңызды құжатқа қол қойылды. Басқосуда тараптар сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, қаржы, көлік-транзит, атом өнеркәсібі, және жоғары технология салаларындағы жан-жақты ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениетаралық байланыстарға жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар, ресми сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады. Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді.