Келестік кәсіпкер қызыл құрттан биогумус өндіруді қолға алды. Ол үшін калифорниялық шылаушындарды пайдалануда. Өйткені, тез көбейеді екен. Мәселен, 5000 шылаушын 3 айда 10 есеге көбейген. Мамандардың айтуынша, биогумус – табиғи таза тыңайтқыш. Қазақша айтқанда көң. Дегенмен айырмашылығы бар. Малдың тезегінің қышқылдығын азайту үшін оны Калифорния қызыл құртына жегізеді. Осылай өңделген тыңайтқыш бақша дақылдарынан алынатын өнім көлемін еселеп арттырады. Ал өңделмеген көң егістікті күйдіріп жіберуі мүмкін екен.