Түркістан
EN

Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

243
16.10.2023

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Төлешев Асқар Дәулетбайұлы тағайындалды. Ол бұрын Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды. Асқар Дәулетбайұлы 1975 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айта келе, жұмысына сәттілік тіледі.