Еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді. Атап айтсақ, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда жауын-шашын түсіп, екпінді жел соғады. Сондай-ақ, бірқатар өңірде таңертең тұман түсуіне байланысты мамандар жолда сақ болуға шақырады. Ал еліміздің басты қалаларында бүгінгі ауа райы болжамы қандай екен? Оны әріптесім Күншуақ Табиғатқызынан сұрап көрейік.