Түркістан
EN

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын сенім телефоны іске қосылды

90
16.10.2023

Бүгіннен бастап әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын сенім телефоны жұмыс істейді. Бұл туралы ел Үкіметінің баспасөз-қызметі мәлімдеді. Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, тұрмыста жәбір көрген жандар 111 нөміріне кез-келген уақытта хабарласа алады. Зорлық-зомбылық пен буллинге ұшырағандарға білікті психологтар мен заңгерлер көмектеседі. 111 сенім телефоны бұдан былай шұғыл қызметтер тізіміндегі нөмірлер қатарына енеді. Бұл қазақстандықтарға құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.