Түркістан
EN

Түркістан облысында полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды

90
13.10.2023

Түркістанда ауа райы күрт суытты. Кешеден бері жел тұрып, жаңбыр толастамай тұр. Мамандар Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының батысында 1-3 градус үсік күтіледі дейді. Ал полиция жүргізушілері жолда сақ болуға шақырды. Себебі республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент – Термес, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының беткі қабаты көліктің жарықшамына шағылысып, түнде жүргізушілерге қолайсыздық тудырған. Сондай-ақ күндіз көліктің дөңгелектері жолдан тайып, жол жиегіне шығып кету қаупі туып жатыр.