Түркістан
EN

Түркістанда жантүршігерлік жол апаты орын алды

43
05.10.2021

Түркістанда жантүршігерлік жол апаты болды.  Оқиға кеше кешкі сағат 6 лар шамасында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа»  күре жолының бойында  орын алған. Оқыс оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен  тарап кетті. Құрылыс материалын тиеген жүк көлігі ТОЙОТА, НЕКСИ, РАВОН көліктермен соғысқан. Жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Бір таңқаларлығы оның ішінде болған адамдар дін аман. Тек Нехси автокөлігінің жүргізушісі дене жарақатын алып, емханаға жеткізіліпті. Ал полиция тергеу жұмыстарын бастады.