Түркістан
EN

«Rejisser. Dramaturg. START-2023» жобасының ашылуы өтті

108
13.10.2023

Жас әртістер үшін - жаңа мүмкіндік. Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2023» жобасы аясында олар Ресейдің хас мамандарымен бірігіп жұмыс істей алады. Шығармашылық байланысты нығайтатын шара 13-20 қазан аралығында Түркістанда өтеді. Онда қос елдің театр режиссерлері қазақстандық жас драматургтердің туындысын сахналайды. Жобаға 8 пьеса таңдалып алынған. Сондай-ақ жоба бойынша Ресейден шақыртылған театр қайраткерлері жас мамандарды арнайы оқытудан өткізеді.