Түркістан
EN

Күн күрт суыды

70
13.10.2023

Түркістанда ауа райы күрт суытты. Кешеден бері жел тұрып, жаңбыр толастамай тұр. Мамандар Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының батысында 1-3 градус үсік күтіледі дейді. Айта кетсем, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Дегенмен "Қазгидрометтің" мәліметінше, Түркістанда ертең күн + 15 С градусқа дейін жылуы мүмкін. Ал облыс полицейлері тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауды, көлікті қауіпсіздік үшін мерзімге сай жабдықталуын және әрқашан жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертеді!