Шымкентте мемлекеттің қаржысына отырғызылған ағаш көшеттері өспей қалған. Қалалық антикордың еріктілері осылай деуде. Shymcity мөлтек ауданының аумағына егілген 5500 көшетті біртіндеп санап шыққан еріктілер 3759 жасыл желектің қурағанын анықтаған. Сондай-ақ, олар аталған аумақта ағаштың белгіленген мөлшерден аз екенін айтады. Ал былтыр жергілікті билік қала аумағына 111 мың көшет отырғызу үшін бюджеттен 70 млн теңге бөлінген екен. Қазына қаржысы сонда қайда кеткен? Өркен Мырзабек анықтап көрді.