Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларының маңына әскерін шоғырландыра бастады. Өйткені қазір екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас ушығып барады. Оған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Талибан үкіметін адам құқығын бұзғаны үшін кінәлап, ресми түрде мойындаудан бас тартуы себеп. Ал тәлібтер Ауғанстанның ішкі жұмысына араласпауды талап етті. Ресей екі ел арасындағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, қос тарапты мәселені бейбіт шешуге шақырды. Айта кетейік, Ауғанстан халқының төрттен бір бөлігі – этникалық тәжіктер. Ал Талибан қозғалысының басым бөлігі осы елдегі ең ірі этникалық топ – пуштундардан құралған.