«Жаңарған жер, бақ қонған ел!" Түркістанда жаңадан ашылған «Мұз сарайы» алдында осындай мерекелік концерт өтті. Онда танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бес жылдық белеске арналған кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.