Түркістандық самбошы шығып кеткен иығымен чемпион болып, көпшілікті таң қалдырды. 18 жастағы Сардар Әбдісамитұлы Қырғызстанда өткен халықаралық додада топ жарған. Бұл бәсекеге өзге де түркістандық спортшылар қатысқан. Олар жалпы 1 алтын, 3 қола еншілеген. Жас балуандардың жарқын жеңісі туралы тілшіміздің бейнематериалында.