Жыл сайын спортты дамыту үшін қомақты қаржы бөлінеді. Алайда еліміздің кәсіби спорттағы көрсеткіштері аса жоғары деңгейде емес. Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдаған Мемлекет басшысы осылай деді. Жиында президент спортшыларды халықаралық додада қол жеткізген жүлделерімен құттықтады. Сондай-ақ, спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында болатынын айтты.