Түркістан облысында жасөспірімдердің қатысуымен болған қылмыстар саны артқан. Өткен жылы кәмелетке толмағандармен 87 факт тіркелсе, биыл 100-ге жуықтап 13,8 пайызға өсіп отыр. Мамандардың айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі түнгі уақытта болады. Осындай, олқылықтардың алдын алу үшін областық полиция департаменті құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп арнайы рейд ұйымдастырды. Ойын-сауық орталықтарын жағалап, көше кезген жасөспірімдердің жазасы қандай? Келесі бейнематериалдан көрейік.