Түркістан
EN

20 мың адам үйсіз қалды

40
11.10.2023

Мьянманың оңтүстігінде жауыннан туындаған су тасқынынан 20 мың адам үйсіз қалды. Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр суы кейбір жерлерде кісі бойымен шамалас. Кенеттен жауған нөсерден Баго елді мекенінің тұрғындары да зардап шеккен. Қазіргі уақытта 19 мыңнан астам адам қаланың шет аймақтарына қоныс аударып жатыр. Олар үшін арнайы 41 көмек көрсету лагері құрылды. Мьянмада маусымдық кезеңде экстремалды ауа-райы жағдайлары жиі болады. Бірақ бүгінгі нөсер - 59 жылдағы ең жоғары деңгей.