Елімізде шаңырақ көтеретін жасқа жеткен бойжеткендердің 30%-ға жуығы, ал жігіттердің 40%-ы бойдақ. Деректерге сай Қазақстанда үйленбей жүргендер саны артқан. Мамандар бұған материалдық жағдайдың басты себеп екенін алға тартады. Одан қалды қазір сүйгеніңе сөз салу адал махаббаттан бөлек қыруар қаржыны да талап етеді. Осы ретте Түркістанда әр арудың арманындағы ұсынысты жасау жігіттер қауымының қалтасына қалай әсер етеді? Айдос Игіліков зерттеп көрді.