Түркістан
EN

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға аттанды

84
10.10.2023

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстан гуманитарлық көмек жібереді. Астана мен Алматыдан медициналық дәрі-дәрмек пен шатырларды тиеген ұшақ Шымкентке келіп қонды. Ол жерден арнайы рейс қосымша дәрі-дәрмек толтырып, ертең Ауғанстанның Герат аумағына аттанады. Айта кету керек, жүктің бір бөлігі әуе арқылы жеткізілсе енді бір бөлігі теміржол көлігімен жөнелтіледі. Сонымен қатар үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін Төтенше Жағдайлар Министрлігінің құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберілмек. Еске сала кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан 2,5 мыңға жуық адам көз жұмып, мыңдаған адам жарақат алды. Осы қиын жағдайдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ауғанстанға құтқарушылар жіберу туралы шешім қабылданды.