Түркістан облысында жыл басынан бері 281 өрт жағдайы тіркелген. Салдарынан 12 адам жарақат алып, 4 адам көз жұмған. Осындай жағдайлардың алдын алып, тілсіз жаумен күресу үшін бүгін төтеншеліктерге 20-дан астам өрт сөндіру техникасы табыс етілді. Мамандар бұл төтенше жағдаймен күресуге мол мүмкіндік береді деп қуанып отыр. Толығырақ Бексұлтан Бекпатша баяндасын.