Қазанның бірінші жексенбісі елімізде бала жанының бағбаны саналатын ұстаздар мерекесі. Осыған орай Түркістан қаласында салтанатты шара ұйымдастырылды. Ұстаздар мерекесіне орайластырылған шара қатысушылары алдымен арнайы көрмені тамашалады. Айтып кетейік, көрмеге қаладағы мектеп оқушыларының қолымен жасалған дүниелер қойылған. Оның ішінде ұлттық нақыштағы қол өнер бұйымдары бар. Түркістан қаласында жалпы білім беретін 33 мектеп бар. Онда 46 мыңға жуық бала білім алады. Ал оқушылардың сапалы білім алуы үшін 5 мыңдай мұғалім тер төгіп жүр. Бүгінгі шара кезінде шәкірт тәрбиелеу ісінде үздік көрсеткішке қол жеткізген бірнеше ұстазға қала әкімі арнайы құрмет көрсетті.