Түркістан
EN

Түркістанда керамикалық өнімдер шығарады

94
10.10.2023

Түркістан облысында тәулігіне 30 мың шаршы метрден астам керамикалық плитка шығаратын зауыт салынады. Инвестициялық жобаның құны 17 млрд.теңгені құрайды. Жаңа зауытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзбекстандық «Orient pro» компаниясының құрылтайшысы Улугбек Расуловпен кездесіп, екеуара жобаны жан-жақты талқылады. Аталған компания Түркістанға ауқымды инвестициясын салып, бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде керамикалық өнімдер мен шыны шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өндіріске қажетті шикізат жергілікті жерден алынады. Зауыт заманауи технологиямен жабдықталады. Өндіріс шығынсыз, әрі экологиялық таза. Халықаралық сапа стандарттарына сай өнім шығарады. Жобаны іске асыруға Түркістан облысының арнайы экономикалық аймағынан жер бөлу жоспарлануда.