Жастарға - жаңа мүмкіндік. Түркістанда «Zhas project 2023» конкурсы басталды. Жоба аясында облыс бойынша 20 тұрғын 1 миллион теңгеге дейінгі шағын гранттарға ие болмақ. Бағдарламада NEET санатындағы жастарға ерекше қолдау көрсетіледі. Ол үшін үміттілер әлеуметтік мәселелерді шешетін жоба ұсынуы шарт. Бағдарлама қос кезеңнен тұрады. Ал жеңімпаздарды анықтауда жобаның әлеуметтік маңызы, қолжетімділігі, тұрақтылығы мен бюджеттің негізділігі басты назарға алынады. Конкурсқа өтінім беру 22 қазанға дейін жалғасады.