Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен бүйрек алмастыру операциясы жасалды. Күрделі отаны жасау үшін Ұлттық хирургия ғылыми орталығының төрағасы, профессор Болатбек Баймаханов бастаған бір топ дәрігер келіп, хирургиялық емдеу әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Оған 100-ге жуық ақ халатты қатысып, күрделі оталардың қалай жасалатынын көрді.