Түркістан облысының өзіндік кірістері 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 7,2 пайызға өскен. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында бюджеттің игерілуі және республикалық бюджет есебінен жобалардың қаржыландыру барысы қаралды. Облыс әкімі кейбір бағытта қаржының игерілмей қалуы салалар жұмысына кері әсерін тигізетінін ескертті. Әкімдерге барлық қаражат толық, сапалы және уақытылы игерілу мақсатында заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.