Түркістан облысында қызылша дендеп тұр. Жыл басынан 166 адам осы ауруды жұқтырса, оның 146-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Ордабасы ауданының тұрғындары қызылшаға шалдыққандар арасында алдыңғы орында тұр. Аурушаңдық сондай-ақ, Сайрам, Сауран, Шардара және Қазығұрт аудандарында көп тіркелген. Зерттеу нәтижесінде ауырғандардың көпшілігі екпеден бас тартқаны белгілі болып отыр. Сондықтан да мамандар қызылшаның алдын алу үшін екпе салдыруға шақырады. Айта кетерлігі Түркістан облысында вакцина алғандар көрсеткіші 74% құрап отыр.