1 қазан - Халықаралық қарттар күні қайырымдылық жасап көзге түскен қариялар да бар. Мәселен, Шардара ауданының ардагері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмір түсіріп берді. Төлбасы Батырханұлы жастайынан ауданның дамып, өркендеуіне үлес қосқан құрметті азамат. Халықаралық қарттар күнінде қариялар тек сый сияпат алып қана қоймай, мұқтажтарға жәрдем беріп, жақсы үлгі өнеге көрсету керек дейді ол.