Осыдан екі күн бұрын Ауғанстанның Герат аймағында 6,3 балдық екі жер сілкінісі болды. Бүгінде сол жойқын зілзаладан опат болғандар саны 2 жарым мыңға жетті. Жермен жексен болған Герат қаласында үйінді астынан құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қазір әр түрлі дене жарақаттарын алған 9 мыңға жуық тұрғын дәрігерлердің қарауында деді,- жергілікті билік өкілдері. Табиғи апат салдарынан, 1 мың 300-ден астам үй қирап қалған.