«Ақпараттық мәдениет-кітапханашы, оқырман, кітап». Осындай атаумен Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында облыстық кітапханашылар слеті өтті. «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шараға 17 ауданнан келген кітапхана қызметкерлері қатысты. Жиында облыстың түкпір-түкпірінен келген сала мамандары өз кітапханаларында нақты қандай проблемалар барын айтып, оның шешу жолдарын талқылады.