Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласындағы үздік мұғалімдерді марапаттады

210
06.10.2023

Бүгін Түркістанда облыстың ең үздік ұстаздары марапатталды. Олардың ішінде екі ардагер педагог «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын алды. Ал, 6 ұстазға «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Аймақтың әр ауданындағы үздік мұғалімдер мен ардагер ұстаздар да құр алақан қалмады.