Түркістанда бейнебақылау камералары көбейгеннен бері көлік жүргізушілерінің мазасы қаша бастады. Жұрттың пікірінше, камералардың көшелерде тым жиі орналасуы дұрыс емес. Ал полицейлер 8 айдың ішінде осы бейнебақылаудың көмегімен 58 мың құқық бұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Сақшылардың сөзінше, көлікке байланысты заң бұзушылықтардың көбі шетелдік темір тұлпарларға қатысты екен.