Бұдан былай Түркістаннан тікелей Араб Әмірліктеріне ұшуға болады. 29 қарашадан бастап, мажарстандық Уиз эйр компаниясы Түркістан-Абу Даби бағытында аптасына 3 рет әуе рейсін жүргізе бастайды. Сонымен қатар Түркістан-Самарқан бағытында да рейс ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты басқарма басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.