Түркістан
EN

72 жастағы зейнеткер тігін цехын жандандырып отыр

70
05.10.2023

Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғындары еңбекқор, жаңа іске құштар. Тіпті мұндағы зейнеткерлерге дейін уақытын текке кетірмей, белгілі бір кәсіппен айналысуды жөн көреді. 72 жастағы Үрләш Тұрғанбайдың ине мен жіпті жанына серік еткеніне 50 жылға жуықтаған. Бүгінде ол өз тәжірибесі мен бар білгенін ауылдың қыз келіншектеріне үйретуде.