Түркістандық мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды. Марапатты Президент Қасым Жомарт Тоқаев салтанатты түрде табыстады. Роза Салимова 2012 жылдан бастап Бәйдібек ауданындағы Садық Әбдіжаппаров мектеп-интернатында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Үш жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Роза Салимовадан бөлек тағы 6 ұстаз «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды.