Гаухар Бахадырова Испанияның Кадис қаласындағы «Erasmus Mundus» университетінде білім алған. Қазір ол №2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында «Conversation club» жұмысын жүргізеді. Клубтың мақсаты – тілдік ортаға ену, қарым-қатынас, кітаптарды, жаңалықтарды, фильмдерді, ойындарды талқылау және осының барлығын ағылшын тілінде жүргізу. Оған оқушылармен бірге ұстаздар да қатыса алады. Әлеуметтік желіде өзінің жеке блогын жүргізетін білікті педагог ағылшын тіліне кішкентай кезінен қызыққандығын айтады.