Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысты

111
05.10.2023

Елімізде мұғалім тапшы, мектептерде бас-аяғы 5 мың педагог жетіспейді. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып барады. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде айтты. Президент мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар екендігіне тоқталып, білікті ұстаз даярлауға айрықша мән берілетінін мәлімдеді. Енді оқыту ісінде тәжірибеге басымдық беріледі. Жаңа типтегі білім беру ұйымдарының болашақ басшылары магистр мамандардан жасақталады.