Түркістан
EN

Жетпіс үш жасты еңсерген ақсақал жаяулатып Түркияға жетті

96
04.10.2023

Жетпіс үш жасты еңсерген жаңарқалық Сәрсенбай Қотырашев жаяулатып 2 айда Түркияға жетті. Дүниежүзін шарлау жоспарының алғашқы қадамын орындаған ақсақалдың екінші тынысы ашылғандай. Енді ол кісі Түркиямен де тоқталмай, әрі қарай да әлем халықтарын бейбітшілікке шақыру, қазақты, қазақ тарихын әлемге таныту сапарын жалғастыра бермек. Өткен жылы Қазақстанның 17 ауданын жаяу аралаған қария жастарға үлгі болғым келеді дейді.