Түркістан
EN

«Мемлекет діннен бөлек» деген ұстанымды қоятын кез келді-депутат

118
04.10.2023

«Мемлекет діннен бөлек» деген ұстанымды қоятын кез келді. Елімізде Ислам дінін жамылған жат ағымдар қоғамға жік салып, оның шырқын бұзып, мемлекеттік тұтастыққа ауыз сала бастады. Олардың қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ұлттық даму дәстүріне және мыңжылдық қазақи ислам салтына қарсы шабуылға шыға бастағанын көз көріп отыр. Осылай деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бүгін премьер-министр мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына депутаттық сауал жолдады. Мәселеге терең талдау жасап, шұғыл шара қолдануға шақырды.