Түркия әлемде фундук өсіру бойынша көшбасшы мемлекет. Жахандық орман жаңғағының шамамен 70 пайызын Анадолы елі жинайды екен. Қара теңіз жағалауында орналасқан Гиресун мен Орда өңірлерінде дәл қазір жаңғақтар пісіп, теріліп жатыр. Жемістің бұл түрінен тәтті паста, түрлі десерттер, жаңғақ майы, шоколад қосылған кондитерлік тәттілер әзірленеді. Чалоян ауылының шаруалары жыл сайын жаңғақты отбасымен келіп тереді. Шаруа қожалық басшысы Шебнем Айдынның айтуынша фундук піскен мезгіл түріктер үшін мереке саналады екен.