Түркістанда 37 жастағы азамат өрт сөндіретін құралдарды ұрлап, темір өткізетін орынға сатып жіберген. Көпқабатты үйлердегі құрал-саймандар жоғалғанын байқаған тұрғын үй инспекциясы қалалық полиция басқармасына арызданыпты. Тәртіп сақшылары дер кезінде қажетті жедел-тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде ер адамның құралдарды жымқырып, көлігіне тиеген сәті бейнебақылау камерасы арқылы анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.