Түркістан
EN

Жемқорлардан 103 млн. өндірілген

52
04.10.2023

Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарында мұғалімдердің еңбекақысын жымқыру фактілері жиілеген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметі алаңында айтылды. Білім саласына кезекті талдау жүргізу барысында 437,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілерімен сотқа дейінгі 6 тергеп-тексеру ісі тіркелген. Заңсыз аударған Түркістан қалалық білім бөлімі заңсыз аударған 13,2 млн теңге, ал Жетісай аудандық білім бөлімі 11,1 млн, теңге қаражатты бюджетке кері қайтарған. Айта кетсек, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және мониторинг жұмыстары 7 бағыт бойынша жүргізілген.