Түркістан
EN

Түркістандық тракторлар - трендте

103
03.10.2023

Түркістандық тракторды сатып алсаңыз, мемлекет ақшаңыздың 30 пайызын қайтарып береді. Бұл-сізге отандық техникаға қолдау білдіргеніңіз үшін берілген бонус. «KAZKIOTI»  кәсіпорны 2021 жылдан бастап қытайлық Доңфэң және Вужэнь компанияларымен бірлесіп қосалқы бөлшек алып трактор құрастырып келеді. Қазіргі таңда Ордабасы индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорында 60 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. ТракторларТүркістан облысынан бөлек, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал, Ақтөбе қалаларына жіберілуде. Айта кету керек, техника ішінде заманға сай жақсы жағдай жасалған. Атап айтқанда, дыбыс оқшаулау жүйесі, жүргізушіге жайлы орындық, тіпті желдеткіш те бар. Кәсіпорын жылына 600 дана трактор шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жібереді.