Түркістан
EN

Қазақстанда күн сайын жол апатынан 6 адам қаза табады

89
03.10.2023

Қазақстанда күн сайын 5-6 адам жол апатынан қаза табады. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смаилов жолдағы қауіпсіздік мәселесін талқылаған кезде осындай дерек келтірді. Негізгі себептердің бірі көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіптің төмендігінде дейді,- премьер-министр. Атқарылып жатқан шаралар нәтижесінде биыл былтырға қарағанда жол апаты 13 пайызға азайған. Бірақ, Астана, Алматы қалаларында және Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында апат деңгейі әлі де жоғары екен.