Түркістан облысында полицейлерге пара беру бойынша 9 дерек анықталды. Мәселен Түркістан қалалық полиция басқармасында күдікті лауазымды тұлғаларға пара беруге оқталған. Алайда полиция қызметкері Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, заңға сәйкес әрекет еткен. Тағы осындай жайт «Шымкент-Самара» тас жолында болған. Патрульдік полиция қызметкері жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатып, оның құжаттарын тексереді. Әкімшілік шара көру кезінде жүргізуші хаттама толтырмауы үшін полицейге пара ұсынған. Аталған істер бойынша жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды.