Түркістан
EN

Ерекше поезд елді елең еткізді

319
02.10.2023

Түркістанға Алматыдан ерекше пойыз келді. Этно стильде безендірілген вагондары бар туристік пойызды "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мен "Қазақстан Темір жолы" бірлесіп іске қосты. Сыртына Түркістанның көрікті жерлерінің суреті салынған вагон ішіне де қазақтың құрақ көрпелері төселген. Алғашқы болып онымен көне шаһарға Алматыдан бір топ БАҚ өкілдері, блогерлер мен инфлюенсерлер келіп, танымдық тур өткізілді. Турға қатысушылар Түркістан қаласының туристік нысандарымен танысып, көрікті орындарды аралап, қолөнер мастер-класстарына да қатысты.