"Кестеден кешікпейміз, жылу беру маусымы өз ретімен жалғасуда". Бүгінге дейін Кентау қаласы жылу электр орталығын 4 қазандығының 95 пайызы жөнделген. Жауаптылар құрылыс жұмыстарының 15 қазанға дейін бітетінін айтып отыр. Жоспар толық орындалса, Кентау қаласында жұмыс істейтін қазандықтар саны сегізге жетпек. Кенді шаһарда жылу қазандықтарының жұмысы 25 қазанға дейін толық бітеді. 1 қараша күні тұрғындар жылуға қол жеткізеді. Сондықтан «уайымдайтын себеп жоқ»,- дейді жергілікті билік өкілдері.