Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Онда еліміз бойынша мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын орналасқан. 5,3 га жерді алып жатқан жылыжай кешенінде өсіріліп отырған банан Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда. Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай да өсіріледі. Жобаның бірінші кезеңдегі құны 4 млн. АҚШ доллар.