Тәулігіне 35 мың, жылына 5 млн дана кірпіш. Бұл Жетісай ауданындағы кірпіш зауытының қуаттылығы. Өндіріс орны құрылыс саласына бет бұрған өлкенің өзіндік қажетінің бір бөлігін өтеуге қауқарлы. Жергілікті 30-ға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған зауыт туралы тілшіміз тарқатсын.